|    |  
17 қараша 2018
18:01
Еуро-2016: Испания Хорватиядан ұтылды
22 маусым, 09:38 689

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турындағы ойында Хорватия құрамасы Испанияны ұтты. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Осылайша D тобында бірінші орындағы Хорватия 1/8 финалға өтті.
Испания екінші орында, ол да плей-оффқа шықты.
Матчтың жетінші минутында Испания есеп ашты - голды Альваро Мората кіргізді. 45-ші минутта хорват Никола Калинич есепті теңестірді.
Екінші голды Испания қақпасына Иван Перишич 87-ші минутта салды. 

​ҚазАқпарат
Все новости