|    |  
16 қазан 2019
17:00
Еуроодақ Facebook, Google және Twitter-ге айыппұл салмақ
17 наурыз 2017, 11:36 19


Еуроодақ билігі Facebook, Google және Twitter-ге өз қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы еуропалық заңнамаға сәйкестендіру үшін бір ай уақыт берді. Көрсетілген мерзім аяқталған соң оларға айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Рейтер.
 
Мысалы, билік өкілдері әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың өздері тұрып жатқан елде сотқа жүгіну мүмкіндіктерінің жоқ екенін, бұл үшін аталған компаниялардың кеңселері орналасқан Калифорнияға баруға тура келетінін айтып, қатты сынады.
 
Сонымен қатар, ЕО әлеуметтік желілердің демеушілік контентті нақты белгілемеуіне және пайдаланушылардан шартты бұзу құқығы секілді міндетті құқықтардан бас тартуды талап етуіне қарсы шықты. Бұған қоса, компаниялардың пайдаланушылар жариялаған контенттің жарамдылық деңгейін өз бетінше анықтауы дұрыс емес екені айтылуда.
 
Компаниялар әзірше бұл жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
 
Агенттік дереккөзінің айтуы бойынша, әлеуметтік желі өкілдері проблемаларды шешудің кейбір жолдарын ұсынған және ол ұсыныстарын Еуропа билік өкілдерімен талқылаған.
 
Айта кететін жайт, Еурокомиссия жоғарыда айтылған пікірлерді қолдайды және талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салуы мүмкін.


Дереккөзі: https://ria.ru
 
Все новости