|    |  
11 желтоқсан 2018
05:13
Еуропада жаздың ыстығы басылмай тұр
14 қыркүйек, 19:39 559


Еуропада жаздың ыстығы басылмай тұр. Германия мен Польшадағы ауа температурасы қыркүйектің ортасына тән көрсеткіштен 10-12 градусқа жоғары.

Францияда да осыған ұқсас жағдай. Елдің оңтүстік-батысында ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілген. Чехияда 100 жылдық метеобақылау тарихындағы рекордтық көрсеткіштер тіркеліп жатыр. Синоптиктер бұл жағдайды Балтық теңізі үстіндегі антициклонмен байланыстырады. Олардың пайымдауынша, 15 қыркүйектен кейін Еуропадағы күннің ыстығы нөсер мен найзағайға ауысуы мүмкін.



Дереккөзі: 24.kz
Теги: Қоғам
Все новости