|    |  
12 желтоқсан 2019
06:00
Эйфель мұнарасының баспалдағы 523 мың еуроға сатылды
23 қараша 2016, 16:00 45

 
Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасы баспалдағының бір бөлігі Artcurial аукционында 523 мың еуродан астам сомаға сатылған. Аукционға қойылған бөліктің биіктігі 2,6 метрді құрайды және 14 сатыдан тұрады. 1889 жылы жасалған бұл бөлік мұнараның екінші және үшінші қабатын байланыстырған.

Бәссауданың бастапқы сомасы 20 мың еуроны құраған. Ал ең жоғарғы соманы ұсынған азамат оны бас-аяғы 523 мың 800 еуроға сатып алған. Ол Азиялық коллекционер болып шықты.

1889 жылы Густав Эйфель құрастырған баспалдақ 1983 жылы жөндеуден өткізілген-ді. Сонда баспалдақ 24 бөлікке бөлініп, төртеуі Франция музейлеріне сыйға тартылған. Ал қалған 20 бөлігі аукционға шығарылған. 40 сатыдан тұратын, биіктігі 7,8 метр болатын бөлігін  Ножан-сюр-Марн қаласының әкімшілігі сатып алған болатын. Алайда бұл баспалдақ 2009 жылғы аукционда жаңа қожайынның қолына өтті.

Дереккөз: ria.ru
Все новости