|    |  
14 желтоқсан 2019
20:36
FaceApp құрастырушылары нәсілдік кемсітушілікке жол бергендері үшін кешірім сұрады
25 сәуір 2017, 17:29 49
FaceApp қосмышасын құрастырған мамандар «Әдемі» деп аталатын функциясы үшін кешірім сұрады.


 
Желі қолданушылары бұл қосымшаның адам бетіндегі кішігірім кемшіліктерді ғана түзетіп қоймайтынын, терінің түсін де өзгертетінін айтып шағым түсірген. Бағдарлама қара нәсілді тұрғындардың терісін ағартып шығарған. Соңында құрастырушыларды нәсілдік кемсітушілікке жол берді деп айыптады.
 


Бұл қосымшаны ресейлік Wireless Lab компаниясы құрастырған. Оның негізін салушы әрі бас директоры Ярослав Гончаров туындаған түсініспеушілік үшін кешірім сұрап, бұл функцияның енді Spark ("Ұшқын") деп аталатынын мәлімдеді.
 
Дереккөз: life.ru
Все новости