|    |  
20 қаңтар 2019
14:16
Facebook-те офлайн-режим пайда болады
11 желтоқсан 2015, 16:26 906


Facebook әлеуметтік желісі офлайн-режимде әлеуметтік желінің негізгі функцияларын қолдануға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосады. Бұл туралы 7kun.kz  хабарлайды. 

Жаңа қызмет мобильді интернеті дұрыс жұмыс істемейтін дамушы мемлекеттердегі желі қолданушаларына арналған.

Енді баяу интернет желісіндегі пайдаланушылар хрониканы көріп, бөлісіп әрі оффлайн режимінде пікірлер де қалдыра алады. Ал интернет пайда болған бойда, барлық іс-әрекеттер автоматты түрде Facebook-ке жүктелетін болады.

Осы мақсатта, Facebook қарашадан бастап «Сейсенбімен 2G» атты корпоративтік этиканы енгізген болатын. Компания қызметкерлері интернеті баяу адамдардың қажеттіліктерін түсіну үшін, аптасына бір күн жылдам интернеттен шектелген еді.
Все новости