|    |  
15 қазан 2019
23:45
​Facebook желі қолданушыларының деректерін пайдалануға тыйым салды
14 наурыз 2017, 10:32 29
Facebook компаниясы әзірлеушілерге желі қолданушылары туралы әлеуметтік желіде сақталған ақпаратты пайдалануға тыйым салды.


 
«Әзірлеушілер әлеуметтік желіде сақталған ақпаратты қадағалап отыру үшін пайдалана алмайды»-дейді компания өкілдері.
 
Өткен жылы Американың азаматтардың құқығын қорғау ұйымы Facebook компаниясы мен оның Instagram бөлімшесінің желі қолданушыларының деректерін Geofeedia компаниясына бергенін әшкерелеген болатын. Аталмыш компания құқық қорғау органдарына арналған бақылау өнімдерін әзірлейді.
 
Осылайша полиция наразылық акциялары мен шеруге шыққандарды бақылап отырған.
 
Осыдан кейін компаниялар Geofeedia-ға ақпарат беруден бас тартқан еді.
 
Қазір Facebook компаниясының өкілдері бақылау қосымшаларын құрастыратын әзірлеушілерге қарсы шаралар қабылдағанын айтып отыр.
 
Дереккөз: /www.bbc.com/russian
Все новости