|    |  
14 желтоқсан 2019
20:38
Facebook желісі бізді қалай басқарып отыр?
29 мамыр 2017, 16:07 75
Мамыр айында Австралияның The Australian газеті Facebook желісінің құпия эксперименттері туралы мәліметті жариялады. Бұл желі қолданушылардың эмоционалдық жағдайын жасырын бақылап, оны өзгетуді үйренген.


 
Журналистер Facebook әкімшілігінің мектеп оқушыларының, студенттердің, жұмыс істейтін жастардың іс-әрекетін мұқият бақылап отырғанын анықтады. Қолданушылар бұл туралы білмеген.
 
Осылайша әр жасөспірім туралы жеке профайл әзірлеген. Мұнда олардың жеке бас деректері, жеке өмірдегі серіктері, достары және т.б. туралы ақпарат қамтылған. Тіпті әр қолданушының қанша жазба, қанша сурет бөліскеніне дейін жазылған.
 
Бұл ақпараттың бәрі журналистердің қолына түскеннен кейін ғана Facebook өкілдері мұның жастар аудиториясының іс-әрекетін түсіну үшін жасалғанын мәлімдеді.


 
Ал басқа мамандар мұндай деректердің жарнама жасау үшін қажет екенін айтып қалды. Мәселен желідегі жазбалары арқылы адамның көңілді немесе көңілсіз күйде жүргенін анықтауға болады. Адам күйзелісте жүрген кезінде жарнаманы жылдам қабылдайды. Ал салқынқанды, өз өзіне сенімді адамдар кез келген жарнамаға беріле қо     ймайды. Facebook болса мұндай ойлары болмағанын айтып ақталды.
 
Бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. 2014 жылы  Facebook тағы бір осындай даудың фигурантына айналған. Бірақ ол кезде желі сарапшылары 700 мың қолданушыға жүргізіліп жатқан эксперимент туралы айтуды ұмытып кеткен болып шықты.
 
Әдетте Facebook тіркелгенде әр адам пайдаланушылық келісім жасайды. Ал бірақ оны ешкім оқымайды. Тек жылдам тіркелу үшін әкімшінің барлық шартын қабылдай береді.


 
Қазір Facebook жеке қоғамдық кеңістікке айналып үлгерген. Мемлекеттердің билігіне де ықпалы күшейіп келеді. Сол себепті Ұлыбритания парламенті Facebook аудиториясын бірегей қоғам ретінде таныды. Және бұл желінің жұмысын барынша ашық етуге тырысып жатыр. Себебі саясаткерлерге мұндай билікке бағытбайтын, үкіметпен байланыспайтын, тек арасында айыпплдарын төлеп құтылып кетіп отыратын желі көңілдеріне жаға бермейді.
 
Дереккөз: Лента.ру
 
 
Все новости