|    |  
14 қазан 2019
11:17
​Facebook желісінде танысу функциясы пайда болды
03 ақпан 2017, 16:52 47
Facebook басшылығы әлеуметтік желіде танысуға болатын функцияны іске қосты. Бұл қызмет әзірге ұялы телефон қосымшасында ғана қолжетімді.  


 
Енді Facebook қолданушылары іскерлік қарым-қатынас жүргізіп, өзгелерді кездесуге шақыра алады.  Жаңа функция «Тағы» («Еще») бөліміндегі «Адамдар іздеу» бөлігінде орналасқан.  Ашылған бетте белгілі бір қаладағы мүдделес адамдарды, қызығушылығы ортақ жандарды іздеп табуға болады.
 
Facebook компаниясы бұны танысу сайттарының танымалдылығы артуы себепті осындай жаңалық енгізген. Tinder және Bumble сынды көптеген ірі серверлер осындай танысу технологиясын қолдануды бастады.
 


Facebook қолданушылары осы бөлімге өздері туралы мәлімет пен бірнеше суретін сала алады. Бұл анкетадағы ақпарат негізгі парақшаға қатыссыз болады.  
 
2016 жылдың соңында енгізілген бұл функция бастапқыда тек Жаңа Зеландия мен Австралия халқына ғана қолжетімді болған. Қазір бұл функцияны барлық мемлекет қолдана алады.
 
Дереккөз: http://actualnews.org
Все новости