|    |  
15 қараша 2018
04:52
Facebook журналистердің жағдайын жасай бастады
18 қыркүйек, 11:46 735

Facebook компаниясы БАҚ журналистері мен қызметкерлеріне ақпарат іздеу жүйесін жасады. Жаңадан құрылған Signal жобасы Facebook және Instagram желілеріндегі жаңалықтар мен әйгілі тақырыптарды бақылап отыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Vesti.ru. 

«Әлеуметтік желіміздің ауқымдылығы мен ондағы сақталған ақпараттардың құндылығын ескере отырып, осы материалдарға журналистердің жылдам қол жеткізуін жеңілдетуді мақсат етіп отырмыз», - дейді Facebook компаниясы жаңалықтар және ғаламдық медиа бөлімінің басшысы Энди Митчел.
Facebook — 1,5 млрд пайдаланушысы бар ең ірі әлеуметті желі. Signal жобасының арқасында журналистер Facebook және Instagram желілерінде жарияланған фото және видеоматериалдарды дембе-дем алып отырады.
Айта кету керек, журналистер жаңа жүйеге сауал жібергеннен соң тіркеледі. 

Дереккөзі:​Baq.kz
Теги: Қоғам
Все новости