|    |  
21 қазан 2019
17:50
Фаст фудтағы ең көп қолданылатын 10 қоспа
16 тамыз 2016, 10:27 34

Біз фаст фуд тағамдарын жеген кезде сонымен қоса тағы нені жейміз? Howstuffworks сайтында хабарланған мәлімет бойынша фаст фуд тағамдарында ең көп қолданылатын 10 қоспа:

1) Тауық еті: Сиыр және күркетауық етінен де көп қолданылады.  

2) Ксантанды шайыр (ксантан): Тұздық, сүт өнімдерінде, крем және сусындарда, балмұздақтарда  стабилизатор, эмулгатор ретінде және қоюлығын арттыру мақсатында қолданылады.

3) Моно және диацилглицерин: Кондитерлік өнімдер, жержаңғақ майы, маргарин, пудинг және балмұздақ сияқты өнімдерде қолданылады.

4) Соя майы: Еріткіштермен араластырылады. Кондитерлік өнімдерде, маргарин, қамыр өнімдері мен сорпаларда негізгі қоспа саналады.

5) Ниацин (никотин қышқылы): Көп қажетті дәрумендер мен минералдарды фаст фуд тағамдарынан ала алмайсыңдар. Бидай ұны, осы тағам түрлерінде қолданылатын кең тараған азық болып табылады.

6) Глутамат натрия: Көптеген fast food мейрамханалары тарапынан қолданылады. Бұл глутамат қышқылының тұзы.

7) Тұз: Ас тұзы әрқашан қосылады. Тәтті тағамдарға да тұз қосылады.

8) Карамель түсі: Түс беретін қоспалар, тамақтың түсін сақтап қалу үшін қолданылады.

9) Жоғары фруктозалы жүгері шәрбаты: Консервіленген тамақтарда, кекс және сол сияқты өнімдерде, кетчуптерде (бір ас қасығы кетчуптың құрамында бір шай қасығындай бар) балмұздақтарда, тосаптарда және көптеген сусындарда табылады. Жеген, ішкен нәрселеріміздің барлығына осындай  шекерді көп-көп қосады. Өйткені кәдімгі шекерге қарағанда өте арзан болады. Тағамдарда шамадан тыс қолданыла бастаған 1980 жылдан бері Америкада семіздік ауруы 4 есе артты. Ғалымдардың көбі семіздік ауруының көбейгенінің ең үлкен себебі ретінде осы затты көрсетуде.

10) Лимон қышқылы: Еттерді және балықтарды жүз жылдап сақтау үшін қолданылады. Шекер және дәрі жасауда да пайдаланады.

bilim-all.kz
Все новости