|    |  
11 желтоқсан 2018
14:04
Флойд Мэйуэзер көпшілікке жаңа суперкарын көрсетті
24 тамыз, 16:04 721
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы кіші- Флойд Мэйуэзер алғаш ретін өзінің Instagram-дағы парақшасында алмаз құймасымен қапталған  Koenigsegg CCXR Trevita суперкарын көпшілікке көрсетті.


«Бұл  менің жаңа автомокөлігім. Өте ауқатты адамдарға арналып жасалған. Көлік Америка Құрама Штаттары бойынша жалғыз дана» деп жазған Флойд Мэйуэзер өзінің парақшасында. Атақты спортшы аталған көлікті сатып алу үшін  4,8 миллион доллар жұмсаған. Бұл туралы lenta.ru. хабарлайды.



Koenigsegg CCXR Trevita автомобилі әлем бойынша үш дана болып шыққан. Оның басқа көліктерден басты ерекшелігі салмағында (салмағы небәрі 1,3 тонна ғана) және этанол мен бензин қоспасымен біре жұмыс істеу қабілетінде жатыр. Автомобильдің максималды жылдамдығы сағатына 402 километрді құрайды.
Все новости