|    |  
16 қазан 2019
22:17
Forbes: Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері
10 мамыр 2017, 16:08 106
Биыл үш жылдық үзілістен кейін Владимир Ким Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің көшін бастады. Оның дәулеті 2016 жылдың сәуірінен бері 800 млн долларға өскен. Оның кәсібіне мыс бағасының өсуі оң ықпал еткен.


 
Өсім көрсеткіші бойынша екінші орын Алиджан Ибрагимовтың еншісіне тиген. Оның дәулеті 200 млн долларға артыпты. Ал ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың әрқайсының байлығы 100 млн долларға өсіпті. Болат Өтемұратовтың капиталы өзгеріссіз.
 
ТОП-50 тізіміне кірген кәсіпкерлердің дәулеті бас-аяғы 700 млн долларға өсіп, 22 млрд 355 млн долларға жеткен. Аталған 50 кәсіпкердің байлығы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 16% құрайды. Бұл  өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір жоғары.
 
Қазіргі тізімге төрт адам жаңадан қосылған. Олар Еркин Татишев (№ 9), Қайрат Сатыбалды (№ 34), Талғат Ахметов (№ 35) пен Асхат Омаров (№ 50). 31 жастағы Талғат Ахметов бұрынғы премьер-министр Даниал Ахметовтің ұлы. Биыл рейтингтегі ең жас кәсіпкер болып отыр.
 
Ең бай 10 кәсіпкер:
 
1. Владимир Ким



$2 500 000 000
Металл / 56 жас.
 
2. Болат Өтемұратов



$ 2 400 000 000
Қаржы, телеком, қонақ үй бизнесі / 59 жас.
 
3. Тимур Құлыбаев



$ 2 200 000 000
Әртараптандырылған бизнес / 50 жас
 
4. Динара Құлыбаева



$2 200 000 000
Әртараптандырылған бизнес/ 49 жас.
 
5. Алиджан Ибрагимов



$ 2 000 000 000
Металл/ 63 жас.
 
6. Рашит Сарсенов



$720 000 000
Мұнай трейдинг, металл өңдеу / 68 жас.
 
7. Кеңес Рақышев



$705 000 000
Сақтандыру, қаржы / 37 жас.
 
8. Дәурен Жақсыбек



$498 000 000
Қаржы / 38 жас.
 
9. Еркін Татишев



$470 000 000
Әртараптандырылған бизнес/ 41 жас.
 
10. Бахытбек Байсеитов



$449 000 000
Қаржы, инвестиция, мұнай / 58 жас.
 
Дереккөз: https://Forbes.kz
Все новости