|    |  
19 қараша 2019
10:16
​Француз аналарының 10 керемет ережесі
08 ақпан 2017, 17:08 48

Үш баланың анасы және жазушы Памела Друкерман  өзінің «Французские дети не плюются едой»  атты бестселлерінде француз балаларының неліктен ақылды және тілалғыш болып келетіндігінің құпиясымен бөліседі. Сонымен...


Жазушының 10 кеңесі:

1 ереже: кемшіліксіз аналар болмайды
 
Жұмыстағы ана әрдайым отбасы мен жұмысының арасында жүреді.Ол барлық нәрсені тиянақты және ойдағыдай етіп істегісі келеді.Ал француз әйелдерінде «Кемшіліксіз аналар болмайды» деген  сүйікті дәйексөзі бар.Сондықтан мінсіз болуға тырыспаңыз.


2 ереже:сіздің әрдайым өз табыс көзіңіз болуы керек
 
Француз аналарының пікірінше әр әйел адамының өз табыс көзі болуы тиіс.Сіздің жұбайыңыз табысты болған жағдайдың өзінде ертең сені не күтіп тұрғанын кім біледі.


3 ереже: бүкіл өміріңді тек балаға ғана арнаған дұрыс емес
 
Ата-ана әрдайым өз баласына қамқорлығын білдіріп отырады.Дегенмен өзіңе де уақыт бөліп тұруды ұмытпау керек. Көңіліңізге жақын бір іспен айналысу керектігін естеріңізге салып отырады.


4 ереже:Бір уақыт баланың сізден демалғаны дурыс
 
Баланың қасында ұдайы болсаңыз жалтақ болып өсуі мүмкін.Дегенмен бұл баланы апталап тастап кету керек деген емес.


5 ереже: өзіңізді кінәлі сезінуден аулақ болыңыз

Баланың алдында өзіңізді жұмыс істегеніңіз үшін кінәлі сезінудің қажеті жоқ.Бастысы-бос уақытыңызды баламен тиімді өткізу.


6 ереже: «такси-ана» болмаңыз

Бұл ереже алдыңғы ережемен тікелей байланысты. Мектептен тыс секциялар мен үйірмелерге орынсыз жаза берудің қажеті жоқтығын француз аналары жақсы біледі.


7 ереже: ата-аналардың өзара қарым-қатынастарына бала қатыспайды

Отбасыны негізі ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы екенін ұмытпау керек.Сондықтан тек бала ғана емес жұбайыңызға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.


8 ереже: жұбайыңыздан үй жұмысы мен бала тәрбиесіне тең дәрежеде қатысуын талап етпеңіз
 
Жұмыстан қолыңыз тимей жатса да жұбайыңызды үй жұмысын істеуге  тең дәрежеде қатыстырмаңыз. Өйткені француз әйелдеріне өзара қарым-қатынастың гармониясы өте  маңызды.


9 ереже: кеш – ересектердің  уақыты, ал әр айдың бір демалысы  шағын «бал айы»

Францияда ата-аналар әр айдың бір демалысын тек өздеріне арнайды. Бұл кешкі ас немесе кино мен театрға серуен болуы мүмкін. Бастысы балалар мен жұмыстың қатысы жоқ.


10 ереже: босс – бұл сіз
 
Отбасы  пирамидасының басында тұрған сіз екеніңізді түсіну керек. Әрине,бұны қабылдау қиын. Бірақ дегенмен барлық маңызды шешімдерді қабылдайтын тек сіз және жауапкершілік тек сізде жатқанын ұмытпаңыз. Сондықтан шеруді тек сіз басқарасыз!

Дереккөзі: econet.ru
 
Все новости