|    |  
26 мамыр 2019
10:22
​Француздық автор Қазақстан туралы комиксін таныстырды
22 сәуір 2019, 17:31 34
Француздық инженер Жак Ортэ Алматыда «Приключения Жака и Била в Казахстане. Сокровища Чингисхана» комиксін таныстырды.


 
Сюжет бойынша шетелдік фотограф сөйлейтін Бил атты құспен Қазақстанға келеді. Мұнда олар қызық оқиғаларға тап болады. Олар гид Динарамен бірге ХІІІ ғасырдағы қолжазба кітапты тауып алып, Шыңғысханның қазынасын іздеуге кіріседі.

 
 
Былтыр комиксті Франция, Бельгия, Швейцария, Канада тұрғындары көрген. Ол француз тілінде шыққан. Автордың өзі Қазақстанда соңғы төрт жылда тұрған.

 
 
«Бастапқыда бұл әңгіме болатын. Бірақ мен оны картинадан көргім келді. Сөйтіп комикс пайда болды. Мен суретші болмағандықтан кәсіби мамандарға жүгінуге тура келді. Үш суретші менің ойымды жүзеге асырды»-дейді.


 
Жак Ортэ 20 сәуірде Өскеменде, 23 сәуірде Астанадағы оқырмандарымен кездеседі.


 
Дереккөз: yunews.kz
Все новости