|    |  
16 қазан 2019
22:06
​Ғаламтор желісінің негізін қалаған азамат фейктермен күресу стратегиясын ұсынды
13 наурыз 2017, 10:14 40
Ғаламтор желісінің негізін салған Тим Бернерс-Ли жаңсақ жаңалықтармен, жалған фейктермен күресудің жолын көрсетті.


 
Ол ғаламтор желісінің 28 жылдығына орай жазған хатында ғаламтордағы жалған жаңалықтарға, саяси жарнама саласындағы адастырулар мен ақпараттың бұрмалануына алаңдаушылық білдірген.
 
Сэр Тим Бернерс-Ли ең алдымен жеке бас мәліметтерін заңсыз пайдалануға тоқтау салу керек дейді. Сондай-ақ бәйәдеп саяси жарнамаларды реттеу қажеттігін айтқан.
 
Оның ойынша желі қолданушылары өзінің жеке мәліметтерін бақылаудан қалған, ал билік азаматтарды ғаламтор арқылы қадағалауды күшейтіп келеді.


 
Көп жағдайда желі қолданушылары сайттар қоятын шарттарға келісуге мәжбүр. Ал сайттар қандай ақпараттың құпия, қандай ақпараттың жария болатынын өздері шешеді.
 
Сонымен қатар қоғамдық өмірге дендеп енген әлеуметтік желі талас-тартысты күшейтті. Бұл өз кезегінде шынайы ақпарат пен жалған ақпараттың аражігін ажыратуды қиындатты.
 
Дереккөз: www.bbc.com/russian
Все новости