|    |  
24 ақпан 2019
02:19
Ғалым құрғақ су ойлап тапты
16 ақпан 2016, 11:45 6


Жаһандық жылымықпен күрес жобасы аясында Ұлыбритания ғалымы өзінің ашқан  жаңалығы- ұнтақ түріндегі суды ұсынды. Оның пікірінше, бұл қоршаған ортаны бүлдірумен күресте тиімді құрал болуы тиіс. Аталған зерттеу жұмысы алғаш рет АҚШ-тағы ғылыми көрмеде көрсетілді.  Ол екі компоненттен тұралы: су және кремнезем (кремнийдің оттегімен қосындысы). Екінші компоненттің аздығына қарамастан ( 5% жуық),  зат ұнтақ түрінде болып шықты. 
Зерттеушілер тобының жетекшісі Бен Картердің айтуынша, «құрғақ су» кәдімгі судан бірнеше есе тәуір. Оның үстіне бірнеше газ түрін бойына сіңіре алады. Сондай-ақ өзге араластырылмайтын сұйықтықтармен де біріктіруге болады. Яғни, осы жаңалықты қауіпті заттарды тасымалдауда  неге қолданбасқа. Бұл қоршаған ортаның қорғауда пайда әкелері сөзсіз, деп жазады billionnews.ru. 
 
Все новости