|    |  
18 қаңтар 2019
18:49
Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ағашты сақтап қалуға тырысуда
13 қазан 2016, 10:53 930



Әлемдегі ең ежелгі ағаш Польшаның Хенрикув-Любаньский ауылында өсіп тұр. Ғалымдардың пікірі бойынша ағаштың жасы 1 300 жылды құрайды, ал биіктігі 12 метрге жетеді.

Өкінішке орай, соңғы жылдары кәрі ағаштың ғұмырына қауіп төніп тұр. Оған басты себеп - ағаш өсіп тұрған жердің құрғақшылыққа тап болуы. Бұған айналадағы кеміргіштер тарапынан келетін қауіпті қосыңыз. 

Осы жайттарды ескерген Польша ғалымдары 2 жыл бойы ағашты аман алып қалу мәселесін зерттеп, оның айналасына тұрғызылған саты арқылы ағашты суару жүйесін жасап, күннің көзінен қорғайтын қалқа орнатқан.



Дереккөзі: шетелдік БАҚ
Аударған: Айдар Жанай
Все новости