|    |  
15 желтоқсан 2019
04:20
Ғалымдар: Ауру өзі жазылатын болса антибиотикке жүгірмеңіз
24 қазан 2017, 12:36 58
Британия ғалымдары жеңіл-желпі суық тиіп, сырқаттанып қалғанда бірден дәрі-дәрмекке жүгірмеуге кеңес береді.


 
Себебі мұндай аурулар өздері-ақ кетеді екен. Үнемі антибиотиктерді қолданғанда микроағзалардың оған қарсы тұру күші де артады екен. Ағза антибиотикке үйреніп, дәрінің әсері болмай қалады.


 
Англияда жыл сайын бес мыңға жуық адам  жұқпалы аурулардан көз жұмады екен. Осындай 10 жағдайдың төртеуінде антибиотиктер еш көмектеспейді. Ғалымдар 2050 жылға қарай антибиотикке бой бермейтін аурулардың артатынын айтып отыр.


 
Олар антибиотиктерді ауыр сырқаттанғанда ғана тұтыну қажет дейді. Себебі кең таралған көп дерттерді ағзаның өз иммунитеті жеңіп шығуға қауқарлы. Тек дәрі-дәрмекке әуес болмау керек екен. Оның орнына көбірек демалып, сұйықтықты көп ішу қажет.
 
Дереккөз: http://www.bbc.com
Все новости