|    |  
20 қараша 2018
05:01
​Ғалымдар: электронды темекі бедеулікке ұшыратады
03 наурыз, 10:13 845

Гонконгтағы университеттердің бірінде жүргізілген зерттеу нәтижесі белгілі болды. Ғалымдардың айтуынша, электронды темекі адамды бедеулікке апарып соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды informing.ru. Себебі онда ластанған ауаның құрамындағы улы заттардан әлдеқайда қауіпті химикаттар болады. Олардың арасында денсаулық үшін аса қауіпті хош иісті гидрокарбонаттар мен формальдегидтер бар. Ғалымдар мұны анықтау үшін электронды темекінің 13 түріне талдау жасаған. Ең сорақысы, шылымның бұл түрінен обыр тудыратын канцерогендер мен антипирендер табылыпты.  Осы ғылыми зерттеу нәтижесі белгілі бола салысымен, ғалымдар қауымы Гонконг үкіметінен елде электронды темекіні тартуға тыйым салуды сұрады. Айта кету керек, қазіргі уақытта әлемнің 16 елінде осындай заң қабылданған.

24.kz
Теги: Денсаулық
Все новости