|    |  
13 қараша 2018
07:31
Ғалымдар кроссовкамен жүгірудің зияндығы туралы ескертті
17 маусым, 15:17 809


Австралиялық ғалымдар жүгіру кезінде арнайы спорттық аяқ киім табанға теріс әсер етеді деген тоқтамға келді. Бұл туралы Journal of the Royal Society Interface журналында жазылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Квинсленд университетінің ғалымдары тәжірибеге қатысу үшін жеті қыз-келіншекті (орташа жасы 19) және тоғыз ер адамды (орташа жасы 24) шақырды. Олардың барлығы жүгірумен шұғылданған, бірақ кәсіби спортшы емес.
Қатысушылар тредмила бойынша теріге бекітілген қысымды, бұлшық еттердің электр-амгниттік сигналдарын өлшейтін жабдықпен бір мәрте жалаңаяқ, екінші жолы спорттық аяқ киіммен жүгірді.
Кроссовки киіп жүгіру өкшесі 30 мм болғандықтан табанның ішкі бұлшықеттерінің белсенділігін арттырады, әрі мөлшерден тыс күш түсіреді. 
Осылайша, спорттық аяқ киім 40 жыл жетілдіріліп келгеніне қарамастан табанның биомеханикасын бұзатыны анықталды.
Все новости