|    |  
16 қараша 2019
08:51
Ғалымдар: Макарон қыз-келіншектердің жүрегіне зиян
06 ақпан 2019, 16:03 56
Милан ғалымдары макарон өнімдерін пайдалану нәзік жандыларда жүрек-қан тамыр ауруларының даму қаупін ұлғайтатынын анықтады. Тәжірибе аясында мамандар 47 мың ер мен әйелдің диеталарының ерекшелігін салыстырып көрді. Зерттеушілерде олардың медициналық карталарындағы ақпарат та болған. 



Нәтижесінде макарон өнімдерін пайдаланатын әйелдер осындай тағамды пайдаланған ерлерге қарағанда жүрек дерттерінен екі есе көп зардап шеккені анықталған. 

Мамандардың пайымынша, макарон өнімдері ағзада қорытылып үлгермейді. Сөйтіп, қандағы қант көлемінің артуына әкеледі, деп жазады 

Әйел ағзасында эстрогеннің әрекетімен қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуі процесі белсенді болады. Сондықтан, макарон өнімдерін көп пайдалану нәзік жандылардың денсаулығына зиян.

Дереккөз: Reactor
Все новости