|    |  
22 ақпан 2020
03:27
Ғалымдар ну орманнан тілі өз денесінен ұзын тіршілік иесін тапты
24 тамыз 2015, 09:19 44

Амазонкадағы ну орманнан тілі өз денесінен  50% ұзынырақ тіршілік иесі табылды, деп хабарлады Ридиус порталы. Мадиди ұлттық саябағында ғылыми экспедиция кезінде аса сирек кездесетін жарқанаттың бір түрі табылды.
Ол тілін өсімдіктен балшырын алуға пайдаланады екен. Тілі 8,5 сантиметрге созыла алады және ол тірі ағзаның кеуде жасушасында орналасқан.  Жануар тағамның өзге түрлерін де пайдалана алады. Мәселен, оған гүл аталығы мен жәндіктер де азық бола алады.   Адам алғаш рет бұл жануарды 10 жыл бұрын  эквадорлық ормандарда кездестірген. Сол шақта ғалымдар 3 ғылыми жұмыс қана жариялаған болатын.  

ҚазАқпарат
 
Все новости