|    |  
23 қыркүйек 2019
11:59
Ғалымдар жаңажылдық демалыс күндері әлеуметтік желілерден бас тартуға кеңес береді
29 желтоқсан 2016, 09:37 27


Даниялық зерттеушілердің пікірінше, 7 күн әлеуметтік желілерден бас тарту адамды бақытқа бөлейді. Копенгаген университетінің ғалымдары күтпеген жерден осындай жаңалық ашты. Олардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесі  «Cyberpsychology, Behavior, and Social Networking» журналында жарияланған.

Дат ғалымдарының зерттеуіне 1 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың 86%-ын әйелдер құрайды. Зерттеуге қатысушылардың барлығы Facebook желісіне тіркелген, әрқайсысының кемінде 350 досы бар және күн сайын әлеуметтік желіде 1 сағаттан астам уақыт өткізген.

Еріктілерді кездейсоқ тәсілмен теңдей екі топқа бөлген. Бірінші топ әдеттегідей әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастырған, екінші топ тура бір апта Facebook желісіне мүлдем қосылмаған.

Зерттеу соңында ғалымдар сауалнама жүргізген. Оның нәтижелері бір апта бойына әлеуметтік желіден бас тартқандардың өмірге деген құлшыныстары артып, көңіл-күйлері көтеріңкі болған. Соның ішінде белсенді хабар алмасып, өзгелердің өміріне және аккаунттарына қызыға әрі қызғанышпен қарайтын жандар өздерін еркін сезінген.

Зерттеу нәтижелеріне сүйенген ғалымдар үзіліс жасауды, яғни әлеуметтік желілерді бір апта пайдаланбауды ұсынады. Алғашқы қадамды жаңажылдық демалыс күндерінен бастауға кеңес береді.

Ал, егер әлеуметтік желілерге басыбайлылық жоғары болған жағдайда, яғни онсыз күн көре алмайтын жандарға ғалымдар өз өмірлеріне өзгерістер енгізуді – әлеуметтік желілерде отыру уақытын азайтып, өзгелерге қызғанышпен қарауды доғаруды ұсынады.


Дереккөзі: http://mir24.tv
 
Все новости