|    |  
22 қараша 2018
01:04
​Германияда әлемнің ең басты сыра фестивалі ашылды
21 қыркүйек, 14:43 739

Атақты Октоберфест Мюнхенде осымен 182-рет өткізіліп жатыр. Әдеттегідей ол екі аптаға созылуы тиіс. Онда 6 ірі мюнхендік компания өз өнімдерін көрсетеді. Биыл бір литр ішімдіктің бағасы – 10 еуро 40 цент. Ал экологиялық таза биосыраның құны екі есе қымбат. Соған қарамастан, бөшкелер тұрған шатырлар фестивальдің ашылуына дейін туристерге лық толы болды. Жалпы биылғы Октоберфестке 6 миллион қонақ келеді деген жоспар бар. Ұйымдастырушылар биыл бұл шарадан алғаш рет 1 миллиард еуро пайда түсіруге үміттеніп отыр. Дитер Райтер, Мюнхен қаласының мэрі: - Октоберфест қандай да бір оқыс оқиғаларсыз өтсе екен дейміз. Бұл – керемет көңіл-күй мен тамаша мерекенің кепілі. Жұртшылықты фестивальге шақырамыз. Туристер Мюнхенді барлық қырынан тануы тиіс.

Дереккөзі: 24.kz
 
Теги: Қоғам
Все новости