|    |  
20 қаңтар 2019
16:07
​Гонконгта әлемдегі ең кәрі панда өлді
17 қазан 2016, 08:58 546

 
Цзя Цзя атты панда 38 жыл өмір сүрген. Оның өліп қалғаны туралы хабарды Гонконг хайуанаттар бағының қызметкерлері таратты. Цзя Цзя соңғы уақыттарда ауырып, азықтанудан қалған. Жануардың жанын қинамау үшін ветеринарлар оған эвтаназия қолданған.  Гиннестің рекордтар кітабы бойынша Цзя Цзя қамауда өмір сүрген ең кәрі панда ретінде танылды. Жабайы табиғатта пандалар 18-20 жыл өмір сүрсе, қамауда 30 жылға дейін жасайды екен. Алайда Цзя Цзя бұл көрсеткіштің бәрін жоққа шығарып, рекорд орнатты. Жабайы табиғатта туған хайуанаттар бағына Цзя Цзя 1980 жылы, екі жасар кезінде әкелінген. 



 
Все новости