|    |  
14 қараша 2018
03:23
Google Apple-дың басты іздеуші жүйесі болып қалу үшін 1 млрд доллар төледі
25 қаңтар, 16:42 735


Google iPhone құрылғысында басты іздеуші жүйе болып қалу үшін 2014 жылы Apple компаниясына 1 млрд доллар төлеген. Мұндай қаржы Oracle Corp компаниясының Google-ға қарсы авторлық құқықты қорғау туралы сот отырысының стенограммасында белгілі болды, деп хабарлайды Bloomberg.

Агенттік ақпаратына сәйкес, аталған сома туралы сот отырысында Oracle адвокаты Аннет Херст мәлімдеген.

Google-дың  iPhone-да басты іздеуші жүйе болғаны үшін  Apple-ге қанша төлейтіні туралы қауесет бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Алайда компания бұл туралы әлі нақты ақпарат берген емес.

Сондай-ақ, адвокат сот отырысында іздеу жүйесінде Apple-дың рұқсаты бар екенін және өндіруші Google-дан түсетін пайданың бірнеше пайызын алатынын айтқан. Оның сөзінше, жүйеден түскен пайда 34%-ды құраған. Алайда стенограммада үлес Google-да қалғаны немесе Apple-ға төленгені сәл түсініксіз, деп жазады Bloomberg.

Дереккөзі:7kun.kz
Все новости