|    |  
22 қараша 2018
03:12
​Google қызметкері жүк көлігінде өмір сүруде
22 қазан, 10:04 754

Google компаниясының Брэндон атты бағдарламашысы Сан-Францискодан пәтерді қымбатқа жалдамауды ұйғарған.
Мұның орнына ол ескі жүк көлігін сатып алып, қазір сонда тұрады, деп хабарлайды Business Insider. Брэндонның айтуынша, қызметкер компанияда тағылымдамадан өту кезінде бөлме жалдау үшін күніне $65 төлеген. Мұнысы аздай, сол бөлмеде тағы 3 адам тұрған. Сол себепті Google компаниясына енді ғана жұмысқа тұрған жас жігіт 10 мың долларға ескі Ford көлігін сатып алып, оны баспанаға айналдырды. Брэндон жұмысындағы асханадан тамақтанып, компания қызметкерлеріне арналған спортзалдың душында жуынады.   Осының арқасында ол өз жалақысының 90%-ын үнемдейді екен, деп жазады gazeta.ru.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости