|    |  
20 қазан 2019
16:14
Григорий Лепстің әнін орындаған маскүнем Желі жұлдызына айналды - ВИДЕО
15 ақпан 2017, 12:33 41


Григорий Лепспен ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқарған және PC LEPS продюсерлік орталығын құруға атсалысқан мамандар тобы кетіп қалды. Олардың атақты әншімен арадағы ынтымақтастықты не себепті тоқтатқаны әзірше белгісіз. Бірақ олар Лепспен әрдайым достық қарым-қатынаста болатынын жеткізді.

Бұл жайттан кейін Лепстің көңіл-күйі түспесі анық. Себебі Желіде оның хит әндерін насихаттап жүрген «жаңа көмекшісі» пайда болды.

Желіде таяу арада полиция бөлімшесінде Лепстің әйгілі «Рюмка водки на столе» әнін айтып тұрған маскүнемнің видеосы жарияланып, әп сәтте-ақ тез таралып кетті. Осылайша, белгісіз маскүнем қас пен көздің арасында Желі жұлдызына айналып шыға келді.

Қане, бірге тамашалайық (қосылып айтамын деушілерге еш қарсылық жоқ!!!).





Айдар Жанай
Все новости