|    |  
17 шілде 2019
05:36
Халық емі: Қой терісіне түсіру
09 шілде 2019, 14:58 171
Көшпенді қазақ өмірі табиғаттың әр алуан құбылыстарын басынан өткізген. Жатын орынның ылғал болуынан, қысқы суықтың ызғарынан және осы табиғи ортаның қысымынан қорғану жабдықтарының аз болуынан жасы егде тартқан адамдар жел-құз, құяң сынды ауруларға душар болып жатады. Қазақ емшілері осы науқастарды ауруынан айықтыру үшін түрлі ем жасаған. Солардың бірі – қойдың терісіне түсіру. 



Ем жасау барысында семірген еркек қойды немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Сосын, күзде піскен ерменді бүрімен қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құятын болған. Кезегімен науқас адамды шешіндіріп, мойнынан бастап, аяғына дейін қой терісімен орап, жылы жауып, 2-3 сағат жатқызады. Уақыты болған соң адамды тазалап жуындырады. Қой терісіне түскен адам өзін жылы ұстап, сорпаланып, бірнеше күн күтінуі керек болған. Бұл қара емнің адам денесіндегі, буындардағы желді, сарсуды алуда, буындардың қақсауы мен сырқырап ауруын емдеп жазудағы өнімі айрықша болған.

Дереккөз: Reactor
Все новости