|    |  
18 тамыз 2019
14:16
​Хит болған Pen Pineapple Apple Pen әні Гиннес кітабына енді
28 қазан 2016, 16:33 19

 
Ұзақтығы 45 секундқа созылатын аталмыш композиция америкалық Billboard музыкалық журналының үздік жүздігіне кірді. Жапондық музыкант Пико-Таро орындайтын РРАР әні жүздіктің ішіндегі ең қысқа шығарма ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Токиодағы шетелдік журналистердің баспасөз клубы хабарлаған.
 


Әнді орындаушының өзі болса қуанышын жасыра алмады. Айта кетейік, аталмыш композицияны күні бүгін 131 миллионнан астам адам көрген. Әр елдің өкілдері бұл әннің ана тілдеріндегі баламасын түсіріп те үлгерген. Қазақстандықтар да бұдан қалыс қалған жоқ болатын.
 
Дереккөз: bloknot.ru
Все новости