|    |  
24 наурыз 2019
14:05
​Хорватияда құны 5 млн еуро тұратын аквариум ашылды
28 қазан 2016, 11:19 3
 
 
Хорватияның Карловац қаласында үш қабатты аквариум кешені ашылды. Aquatika деп аталатын кешен тек тұщы сумен толтырылған. Оны тұрғызу үшін 5 млн еуро жұмсалған. 3 мың шаршы метр ауданда 25 үлкен аквариум орналасқан. Бұл аквариумдарды жасағандағы мақсат туристерге Хорватияның өзен-көлдерін кеңінен таныстыру. Кешенде тұщы суда өмір сүретін бес мыңнан астам жануардың түрі бар. Балықтың 100 түрі жіберілген. Aquatika кешені таңғы сағат оннан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Билет құны ересектер үшін 8 еуро болса, балалар үшін 4,5 еуро.
 
Дереккөз: http://www.travel.ru/news/2016/10/27/256766.html
Все новости