|    |  
16 қазан 2019
00:07
​Индира Расылхан аспаз болып істейтін жолдасын киноға түсірмек
20 қараша 2017, 18:00 52
Әдетте Индира Расылханның жолдасы да, бала-шағасы да жұрт көзіне көріне бермейді. Тіпті тыңдарман әншінің жолдасы қай салада жұмыс істейтінін де білмеген. Осы жолы әнші «Айта берсін» бағдарламасына біраз сырын ашып, тіпті жолдасы екеуінің киноға түскелі жүргенін айтқан.


 
«Жолдасым екеуміз жақында киноға түспекпіз. Қазір бағытын, жобасын ойластырып жатырмыз. Жолдасым жұрт көзіне аса түсе бергенді қаламайды. Жақында «мен фильмге түскім келеді» дегенін естігенде өзім шалқамнан түсіп қала жаздадым. Ол кісі өнерге мүлде жақын емес. Ол кісінің мамандығын айтсам барлығы таңғалады. Асекең (жолдасы) негізінде аспазшы. Астанада үлкен мейрамханада аспазшы болып жұмыс жасайды. Үйде рахат, бүгін мынандай нәрсе жасаймын деп жарты сағатта тамақ жасап береді. Сол тамағын жеп алып, тойып отырамыз»-дейді әнші.


 
Дереккөз: Reactor 
Все новости