|    |  
15 қараша 2019
12:45
Instagram желісінен қателік тапқан оқушы 10 мың долларға ие болды
04 мамыр 2016, 10:55 30

Финляндиялық 10 жастағы бала Facebook желісінен кемшілікті тапқан ең жас хакер атанды. Бұл туралы VentureBeat басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

Яни есімді бала Instagram желісінен басқа қолданушылардың пікірлерін өшіре алатын мүмкіндіктің бар екенін анықтады. Ол бұл туралы қызмет көрсету басшылығына хабарлаған. 2016 жылдың ақпан айында бұл қателік жойылды, ал наурызда Яниге сыйақы ретінде 10 мың доллар берілді.

Жас хакердің айтуынша, қызмет көрсетудегі қауіпсіздік туралы ол YouTube арнасындағы роликтерден үйренген. «Мен кез келген адамның пікірін өшіре алатынмын. Тіпті, Джастин Бибердің де», - деді ол. Болашақта Яни ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Facebook-тен алған сыйақысына Яни жаңа велосипед, футбол жабдықтарын және өзінің екі ағасына компьютер алатын болды. 

​Baq.kz
Все новости