|    |  
15 желтоқсан 2019
04:20
​Инвестиция тартудың мүмкіндіктері сараланды
14 желтоқсан 2015, 15:44 28
Бугін қала акімдігінің мәжіліс залында инвестиция тартудың мүмкіндіктері мен бүгінгі бағамы бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды. Шараға қала акімі Ғ.Әбдірахымов, бөлім басшылары, қаржыгерлер мен кәсіпкерлер қатысты.
Шара барысында жеке инвесторлардың қала экономикасының дамуына қосар үлесі мен маңызы атап көрсетілді.
Арнайы баяндама жасаған Астана қаласынан келген мамандар В.Савин, Н.Разниченко, менеджер А.Аханов инвестиция тарту өз кезегінде отандық өндірісті дамытуға сеп болатынын басты тақырып өзегі етті. Өз кезегінде, баяндамашылар қаланың инвестор тартудағы мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оны жетілдіре түсу жолдарын да ұсынды.
Шымкент қаласына арнайы келген мамандар қаланың 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы жобасында көрсетілген басым бағыттарға айрықша назар аударды. Бұл бағытта алғашкы қадам сәтти жүзеге асуда деп бағалауға болады. Осы қысқа мерзімде қала әкімі Түркия, Германия, Испания, Корея, АҚШ және өзге де елдердің инвесторларымен екі жақты кездесуінде бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізген. Қазіргі таңда, аталмыш елдердің инвесторлары Шымкент қаласында белгілі бір мақсатта қомақты қаржы салуға ниет танытуда.

shymkent.gov.kz
Все новости