|    |  
12 желтоқсан 2019
02:33
Иран — Еуроодақ үшін табиғи газдың ірі тасымалдаушысы болмақ
25 қыркүйек 2015, 16:38 62


«The Wall Street Journal» газеті Иран келесі онжылдықта Еуроодақ үшін табиғи газдың ірі тасымалдаушысы болады деп мәлімдеме жасады. Бұл ақпаратқа негіз болған басты оқиға — жақында Еуроодақтағы ірі компания өкілдері энергетика және климат мәселелері жөніндегі еурокомиссары Мигел Арис Каньетемен кездесіп, Иран ашатын жаңа мүмкіндіктер жөнінде келіссөздер жүргізген.

Ал өз кезегінде Еуроодақ Ираннан тасымалданатын импорт табиғи газы 2030 жылға таман жылына 25-35 миллиард шаршы метрді құрайды деп бағамдама жасауда. Мұндай көлемдегі импорт қазіргі таңда Солтүстік Америкадан тасымалданатын газбен бірдей. Аталмыш басылымның жауынша Еуродоақтың бұл әрекеті Ресейден газ сатып алуды тежейді. Ал Ресей күні бүгін Еуроодаққа жылына 130 млрд текше метр газ тасымалдап отыр. Еуропалық энергииялық компаниялар бұл ретте Ресейге салынған санкциялар аяқталған соң, қайтып Ираннан газ тасымалдауға ниетті.

Дереккөзі: turkystan.kz
Все новости