|    |  
15 қараша 2018
04:50
Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз мүшесі ер адам болып шықты
02 қазан, 09:37 914
Иранның футболдан әйелдер құрамасының сегіз мүшесі ер адам болып шықты. Олар жынысын өзгерту бойынша ота жасалуын күтіп отыр. Кейбіреулері бұрын ерлер арасындағы жарыстарға қатысқан. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.Иран футбол лигасының ресми өкілі Модтаби Шарифи жынысын өзгертуге ниетті ерлердің аты-жөнін атамады.



Дауға байланысты ирандық футбол билігі әйелдер құрамаларының барлығының жынысын анықтауды тапсырды, деп жазды lenta.ru. әйелдер құрамасының сегізіне санкциялар қолданылатыны не қолданылмайтыны туралы хабарланбады.
Бұл ирандық футболдағы алғашқы дау емес.  2014 жылы Иранның әйелдер құрамасының  төрт ойыншысы гендерлік тестен өтпеген соң уақытша  жарыстан шығарылды. Осыған ұқсас жағдай 2010 жылы болған.
Иранда жынысты ауыстыру бойынша ота жасауға 1979 жылдан рұқсат берілген.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 
Все новости