|    |  
15 желтоқсан 2018
07:11
​Испанияда хайуанаттар бағының қызметкерін жолбарыс талап өлтірді
04 шілде, 10:29 719

Испанияның Бенидорм қаласында хайуанаттар бағының қызметкерін жолбарыс талап өлтірді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес қайғылы оқиға қызметкер әйелдің аңғырттығынан болған. Ол жыртқыш тұратын тордың есігін ашық қалдырған, деп хабарлайды RT. Әйел адамның денесін алып шығу үшін хайуанаттар бағының қызметкерлері жолбарысты дәрімен ұйықтатқан. Қайтыс болған әйел тәжірибелі жұмысшы болған және хайуанаттар бағында 8 жылдан астам жұмыс істеген екен. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әйелді өлтірген жыртқыштың тағдыры әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр күні АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати  қаласында 4 жасар бала тордың ішіне құлап кетіп, Харамбе есімді горилланы атып өлтіруге тура келген еді. Куәгерлердің айтуынша, жануар айғайлап жатқан баланы тордың ішінде сүйретіп жүрген. Бала ауруханаға жатқызылды, алайда оның өміріне қауіп келтіретін жарақаттар алған жоқ.

24.kz
Все новости