|    |  
20 қыркүйек 2019
14:48
​Ит иесіне қатерлі ісікті анықтауға көмектескен
27 тамыз 2019, 15:10 75
Ұлыбританиялық Эмма Смит ұлына деп күшік сатып алған. Бірақ ол күшік бірнеше айдан кейін келіншектің оң жақ төсіне секіріп, иіскелей бастаған.



Бастапқыда келіншек киімінен тамақтың иісі шығып тұрған соң солай жасайтын шығар деп ойлаған. Бірақ ит бұл қылығын бірнеше ай бойы қайталаған. Сол кезде келіншек өз төсін ұстап көріп, төсінің қалыңдағанын байқаған. Кейін дәрігерлерге барған. Дәрігерлер одан сүт безінің қатерлі ісігін анықтаған. Нәтижесінде келіншек емделіп, дертінен айыққан.
 
Дереккөз: Life.ru
Все новости