|    |  
15 қараша 2018
09:09
​Италия Ресейге санкцияны өз тарапынан тоқтатып қойды
10 желтоқсан, 17:32 694
10-12-15-renci-1

Италия Еуропа одағының Ресейге санкциясын автоматты түрде жалғастыру процесіне өзі тарапынан блок қойып, тоқтатып тастады. Бұл туралы «Лента.Ru» хабарлады.

Брюссельдегі мәнбесіне сүйенген ANSA агенттігі Римнің осыған орай «мәселені саясат тұрғысынан талқылауды» талап еткенін жеткізді.

Санкцияны автоматты түрде ұзарту режимі сәрсенбі, 9 желтоқсан күні қабылдануға тиіс болатын. Алайда, Еуроодақ елдерінің өкілетті елшілері қатысқан жиында Италия бұған келісім бермеген.

Енді бұл мәселе ЕО елдері сыртқы істер министрлерінің 14 желтоқсанда бас қосатын жиынында немесе 17-18 желтоқсанда өтетін Еуропа одағының саммиті барысында жан-жақты қаралатын болады.

«Еуропа шындығы» басылымы өзінің ЕО құрылымындағы мәнбесіне сілтеме жасай отырып, Римнің санкцияны автоматты түрде ұзарту мәселесін тоқтатып тастау жөніндегі бастамасына Вена мен Будапешт қолдау көрсеткен. Бұдан бұрын мұндай қадамға бармайтынын Афина да білдірген еді.

Дереккөзі:  ras.kz
Все новости