|    |  
18 қыркүйек 2019
03:53
Қағаз ақша тарих қойнауына кетпек
13 сәуір 2016, 12:22 32


Ұлыбританиядағы MasterCard-нің басшысы Марк Барнетт 5 жылдан кейін  Британия мен Ирландияда қолма-қол ақша қолданыстан тоқтатылып, ал 30 жылдан кейін олар пайдаланудан мүлдем шығарылып, тарих қойнауына кетеді деп болжам жасайды. Бұл туралы қаржыгер  Business Insider UK-ке берген сұхбатында айтты.

«Қазірі жағдайды жалпы алатын болсақ, әлем бойынша тұрғындардың 85% қолма-қол ақшаны пайдаланады. Менің ойымша, енді бір 5 жылдың ішінде әлемде қолма-қол ақша қолданысы азайып, ол бірте-бірте мүлде айналымнан шығып қалуы мүмкін»,- деп топшылайды әлемдік деңгейдегі қаржыгер.

Сондай-ақ, Марк Барнетт қолма-қол ақшамен есеп айырысу кедейліктің бір көрінісі деп есептейді. Оның пікіріне қарағанда, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қоғамына Ұлыбритания мен Ирландиядан басқа, Швеция, Дания сияқты елдер бірте-бірте өтпек көрінеді.
Все новости