|    |  
17 қараша 2018
13:46
Какао қосылған «Наполеон» торты
10 қазан, 11:47 732

Керекті ингредиенттер:


Ұн - 2 ст
Су - 1 ст
Сүт - 1 литр
Сары май - 200 гр
Жұмыртқа - 3 дана
Қант - 1 ст
Какао-порошок - 3 шай қасық
Ванилин - 1 шай қасық
 
Қамыр:

Жұмыртқаларды көпіршітіп араластырамыз.
Суық суды жұмыртқаға қосамыз.
Суық майды үккіштен өткіземіз немесе пышақпен тураймыз.
Ұнға май қосып араластырамыз.
Ұнға жұмыртқа ерітіндісін қосамыз.
Араластырып, қамыр илейміз.
Қамырды 8-10 бөлікке бөліп, дөңгелектер жасаймыз да тоңазытқышқа қоямыз.
15-20 минуттан кейін қамырды жайып духовкаға пісіреміз.

Крем:

Сүтті қайнатамыз.
Жұмыртқаның сарысына қант пен ванилинді қосамыз.
Оған ұн  мен какаоны қосып, қайнаған сүтке қосамыз. Крем қоюланғанша араластырамыз.
Қамырға суыған кремді жағамыз.
 
Асыңыз дәмді болсын!

eda.ru
Теги: Ас мәзірі
Все новости