|    |  
15 желтоқсан 2018
02:49
Қақпашы доп пен өз әріптесінің басын шатастырып алды
07 қаңтар, 11:23 231


«Вест Хэм» футбол клубының қақпашысы Адриан Сан Мигель  Англия Премьер-лигасының 21-турындағы матч кезінде доп пен өз әріптесінің басын шатастырып алды. Фото футбол командасының Twitter-аккаунтында жарияланды.
 
Ойын барысында «Вест Хэм» қақпасына қарай айып алаңынан доп әуелеп ұшып келе жатқан сәтте қақпашы оны қағып алуға тырысып алға ұмтылған болатын. Осы кезде ол доптың орнына қарсы алдына тұрып қалған өз командасының жартылай қорғаушысы Шейх Куятенің басын құшақтап алды.
 
Ойын аяқталғаннан кейін қақпашы Twitter-де өз әріптесінің мойынын дұрыстағысы келгенін айтып ақталды.
 
«Егер сіздер бүгінгі ойынды тамашалаған болсаңыздар: жарияланған фото түсірілерден бірер секунд бұрын менің қолымда доп болды, содан кейін Шейхтың мойнын бұрып түзеткісі келгенін көзім шалып қалды да, оған көмектеспек болдым. Маған екі жұмысты қатар атқаруға тура келетіні өкінішті: қақпаны қорғау және командалас әріптесіме көмектесу», — деп жазды голкипер.
 
Кездесу тең аяқталды — 1:1.
 
АПЛ 22-турының қорытындысы бойынша «Вест Хэм» 15-орында тұр, оның қоржынында 22 ұпай. Ал, «Тоттенхэм» 41 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
 

Дереккөзі: LENTA.RU 
 
Все новости