|    |  
15 желтоқсан 2019
04:32
Қала әкімдігінің кезекті жиыны өтті
24 желтоқсан 2015, 15:34 31

Қала әкімдігінің кезекті жиынында әлеуметтік-экономикалық дамудың республикалық және облыстық орта рейтингтік көрсеткіштері салыстырыла отырып талқыланды. Қалалық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Р.Мүлкеманов жыл қорытындысы бойынша қаланың даму көрсеткіші жоғары деңгейде тұрғанын атап өтті. Жиын барысында қала басшысы аудан әкімдері мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттерді 2016 жылдың 10-қаңтарына дейін орындауды тапсырды.

Күн тәртібінде қаладағы құқықбұзушылық мәселесі де талқыланды. Қалалық ішкі істер басқармасы басшыларының берген мәліметі бойынша, құқықбұзушылықтың орта көрсеткіші өткен жылмен салыстыра алғанда, 25 пайызға артқан. Оның себебін мамандар қала аумағының кеңеюімен байланыстырды. Бұл мәселенің шешімін табу үшін полиция қызметкерлерінің санын ұлғайту қажеттігі ұсынылды.

Өз кезегінде, қала әкімі қаланың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары мен құқық қорғау қызметкерлері үшін қызметтік автокөліктердің саны біршама ұлғайтылатынын, көшелерде түнгі жарықтандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілетінін атап өтті.

shymkent.gov.kz

 
Все новости