|    |  
15 желтоқсан 2019
04:22
ҚАЛА ӘКІМІ ТҮРКИЯНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
11 желтоқсан 2015, 11:02 31

Түрік кәсіпкерлері Шымкент қаласының кәсіпкерлік әлеуетіне қызығушылық танытуда. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Түркия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык бастаған делегациямен кездесті. Қос тарап әуелі екі ел арасындағы бауырластық, достықтың маңыздылығына тоқталып, қалааралық экономикалық, индустриялық-иновациялық әріптестік орнатуға уағдаласты.

- Шымкент - Орта Азия елдерінің ірі қалаларын тұтастыратын алтын көпір. Себебі, шаһарымыздың іргесінен Ұлы Жібек Жолының жаңғырған жаңа заманғы үлгісі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтіп жатыр. Елбасы әрдайым «Түбіміз бір түркі туыстармыз» дегенді аузынан тастаған емес. Біздің кездесуіміздің мақсаты - осы бауырластық негізінде түркиялық ірі кәсіпорындарды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқан «Үшінші мегаполис» қалаға инвестор тарту. Шымкент қаласының 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасындағы болашағы кемел сәулет жобаларына, атап айтар болсақ, «Shymkent City» заманауи тұрғын және іскерлік орталығы, «Диснейлэнд» жобасын іске асыруға түрік компанияларының қызығушылығын арттыру болып табылады, — деді қала басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Өз кезегінде Невзат Уянык мырза Шымкент қаласының ауа райының жанға жайлы, қала халқының жиілігін, шаһар аумағының кең екендігін айта келе, инвесторлардың қаржы салуға таптырмас өңір екендігін тілге тиек етті. Кездесу соңында түркиялық қонақтар шаһардағы жаңадан салынатын инфрақұрылымдарға, сәулеттік нысандарға түрік бизнес компанияларын тартуға ықпал ететіндігін жеткізді.

shymkent.gov.kz
Все новости