|    |  
13 желтоқсан 2018
22:53
Қан топтарына тән аурулар
13 қараша, 15:06 207
Көпшілігіміз өзінің қан тобын білмей жатады, бұл әрине жақсы емес. Оқыс оқиға кезінде бұл ақпаратты білмеу бірқатар кедергілер туындататыны белгілі, сонымен қатар бұл ақпарат арқылы жаман ауруларды қабылдауға қаншалықты  қауіптің барын да білуге мүмкіндік бар. Зерттеулердің бірқатары қандай да бір қан тобына тиесілі адамдардың қауіпті ауруларды қабылдау мүмкіндігімен де байланысты екендігін дәлелдеп отыр. Өз қан тобыңызды біліңіз және ол ақпаратты әрдайым жеке куәлігіңізде, болмаса басқа жерде жазып сақтаңыз. Және қауіп тудыру ақпаратымен танысып, дер кезінде шаралар қолдануға тырысыңыз.



Тромбылар

Дания зерттеушілері қан тобының терең тамырлар тромбозына немесе төменгі жақтың тромбоздарын тудыруға генетикалық тұрғыда әсер ететіндігін анықтады. Зерттеу аясында 66 мың адамның денсаулығы бақылауға алынды. Нәтижесі көрсеткендей,  II, III және IV қан тобындағы адамдардың терең тамырлар тромбозына шалдығуына  40% қаупі бар екен. Аурудың дамуына өзге факторлардың әсерін анықтау тұрғысындағы қосымша зерттеулер жүргізудің нәтижесінде IV қан тобының тромбоздар тудыруға - 20%, ал артық салмақ пен темекі - 16% және 6% қауіп тудыратындығы белгілі болды.

Жүрек аурулары

Қан тобының жүрек ауруларына әсерін Гарвард ғалымдары да зерттеген болатын. Зерттеу нәтижесінде олар 77 мың науқасты тексеріп, ең ауыру қаупі бар адамдар  IV қан тобына тиесілі екенін анықтады, ол - 23% пайызды құрады. Алайда зерттеушілер бұл ауруға да артық салмақ, темекі, дұрыс тамақтанбау әсер ететіндігін атап өтті.

Асқазан обыры

Каролин институты (Швеция) ғалымдары II  қан тобына тиесілі адамдардың асқазан обырын тудыру қаупі - 20% екенін анықтады. Сондай-ақ I қан тобына тиесілі адамдардың Helicobacter pylori бактериясына төзімді еместігі де байқалды, бұлар көбіне гастрит пен асқазан жарасынан зардап шегеді екен.

Деменция және жадыны жоғалту

Жас ерекшелігіне байланысты когнитивті бұзылыстарды қан тобының IV құрамына тиесілі адамдар құрайды: зерттеулерге сәйкес бұл қан тобындағы адамдардың ауыру қаупі – 82 % тең. Ғалымдар мұны көбіне ағзада ақуыз мөлшерінің көп болуымен түсіндіреді: бұл қан айналымға да әсер етеді. Алайда жоғары қан қысымы, сусамыр сондай-ақ темекі шегу - мұндай аурудың туындауына жағдай туғызатындығын әсте естен шығармаған абзал.

Инсульт

Зерттеушілердің анықтауы бойынша, инсульттен анағұрлым қорғана алатындар қатарында қан тобының 1 тобы бар екен: олардың ауыру қаупі - 9%. Мамандар бұл заңдылықтың неге байланысты екенін анықтай алмай отыр, десе де 40 жастан кейін адам өзінің қан қысымын бақылап, шама келгенше темекі мен ішімдіктен бас тартқаны абзал.

Дереккөз: www.goodhouse.ru
Все новости