|    |  
14 қараша 2018
09:49
Қанат Исламның үздік нокауттары (ВИДЕО)
05 мамыр, 16:30 1057


Қанат Исламның үздік нокауттарының видеосын назарларыңызға ұсынамыз, делінген  ВКонтакте желісіндегі «Аstana Arlans» тобының парақшасында. 
Еске сала кетсек, Қанат Ислам қазірге дейін кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның 17-ін нокаутпен аяқтады. Ол бірінші орта салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.
 Жерлесіміздің ендігі қарсыласы орта салмақта (69 келі) өнер көрсетіп жүрген колумбиялық боксшы - Хуан де Анxель. Екеуінің айқасы  9 мамыр күні астана уақытымен таңғы сағат 7:00-де болады. Хуан де Анxель осы уақытқа дейін 22 кездесу өткізген. Соның 17-ін нокаутпен ұтып, біреуінде қарсыласымен тең  түскен. Ал 3 кездесуінде есе жіберген., Қос батырдың жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Все новости