|    |  
23 қаңтар 2020
03:34
«Қаңғыбас» блогер мейрамхана иесін ұятқа қалдырды
25 ақпан 2018, 11:46 49


Белгіл видеоблогер Коби Пирсин «әлеуметтік тәжірибе» жүргізу мақсатында кедейдің образына еніп, Флорида мейрамханаларының біріне кіруге талпынған, деп хабарлайды tvzvezda.ru.

Видео YouTube желісінде жарияланды.

Жас жігіт үстіне кедей-кепшіктің киімін киіп алып, мейрамханаға кейліп даяшыға өзі мен досы Роналдуға арнап бір үстелге тапсырыс берген. Ол өзін қаншалықты сыпайы ұстағанымен, даяшы оның үсті-басына қарап, тапсырысты қабылдаудан бас тартқан.

Осыдан кейін жас жігітпен сөйлесуге әкімшілік қызметкері немесе мейрамхананың иесі болуы мүмкін басқа адам келеді. Ол Коби  секілді жандарға мейрамхананың өте қымбатқа түсетінін айтып, оған «Макдоналдс»-қа баруға кеңес береді. Блогер ақшасы жеткілікті екенін айтқанына қарамастан, ресторатор өз дегенінен қайтпай, «қаңғыбастың» кетуін бұйырған.

Амалы таусылған кейіп танытқан «қаңғыбас» блогер қалтасынан ұялы телефонын шығарып, өзінің Роналду есімді жүргізушісіне хабарласады. Арада көп ұзамай оның жүргізушісі қымбат кабриолет мініп келіп, мейрамхананың тура алдына тоқтайды. Ол көліктен түсіп, жүксалғыштан ішінде ақша толы чемоданды алып, «қаңғыбасқа» тапсырады.

Блогер болып жатқан жайтқа аузы ашылып қарап тұрған рестораторға чемодандағы ақшаны көрсетіп: «Мен Сізге айттым ғой ақшам бар деп. Адамның сырт келбетіне қарап бағалау ақымақтық. Менің осы мейрамхананы сатып алуға шамам жетеді, бірақ ол кезде Сіз жұмыссыз қалатын едіңіз. Ал, қазір жолыңыз болды», - дейді де, қымбат көлікке мініп, өз жөнімен кете барады. 



 
Все новости