|    |  
18 қараша 2019
03:37
Қаңтар: ақша энергиясына зер салыңыз
05 қаңтар 2017, 16:29 86
2017 жылдың алғашқы 12 күні ғажапқа толы. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Осы он екі күн сіздің әл-ауқатыңыздан хабар бермек. Тек белгіні бағамдай білу қажет. Мәселен, үшінші қаңтарда сізді тонамақ болады. Демек үшінші ай наурызда ұры-қары мен алаяқтардан абай болған жөн. Төртінші қаңтарда жолдан тиын-тебен тауып алсаңыз, сәуірде күтпеген олжаға кенелуіңіз бек мүмкін. Осылай жалғасып кете бермек.


 
Ақша энергиясы өте сезімтал. Күнделікті ақшаға қатысты орын алған оқиғаларды кешкісін күнделікке түртіп отырыңыз. Кейін ғажайыбын өзіңіз байқайсыз. Сонымен
 
1-6 қаңтар. Көп дүниенің тереңге тамыр тартатын, айқын көрінбейтін уақыты. Жаңа жылдың алғашқы күнінің жексенбіге сәйкес келуі жыл бойғы жақсылықтың белгісі. Бұл апта демалатын, саяхаттайтын, жаңа адамдармен танысатын уақыт.
 
7-8 қаңтарды достарыңыз бен туыстарыңыздың ортасында өткізіңіз. Өзіңіз түсінбей жүрген көп істің анық-қанығына жетуге мүмкіндік мол. Тек шындыққа жеткенше бейтараптық пен салқынқандылық сақтаңыз.
 
Қаржылық магнит
 
9-11 қаңтар.
Алғашқы ай толардағы күндер. Ғаламат жоспарларыңызды бастап, білек сыбана кірісуге асықпаңыз. Себебі қатерлер көп.
 
12-қаңтар. Ай толатын уақыт. Ақша шақыруға болады.  Ай жарықта кесеге орталап су құйып, бар жаман ойды мидан шығарып, кесеге күміс тиын тастаңыз. Оны ай жарығы түсетіндей терезенің алдына қойыңыз. Кесенің бетінен алақаныңызды күміс жиғандай үш қайтара жүргізіп өтіңіз.  Содан кейін «Ай иесі! Маған дәулет бер, менің қолымды алтын мен күміске толтыр» деп айтыңыз. Содан кейін суды төгіп тастаңыз. Ал кесе ішіндегі тиынды әмияныңызда сақтап жүріңіз. Ол сізге байлық әкеледі.
 
13-15 қаңтар. Жаңа жылдық демалыстар аяқталғанымен, ескі жылды атап өтетін уақыт. Осы күндері күш-қуатыңыздың тасығанын байқайсыз. Энергияңызды шығармашылыққа жұмсаңыз. Ақшаңызға абай болыңыз. Шығын шығуы мүмкін.
 
16-20 қаңтар. Жаңа еңбек жылы басталды. Тауық жылы болғандықтан симолдық түс – қызыл түсті бір затты жұмыс орныңызға апарып қойыңыз. Қызыл түс те ақша шақырады.
 
21-22 қаңтар.  Толыққанды жұмыс аптасынан кейінгі демалыс күндер. Бұл күндері де пайдалы іспен шұғылданыңыз. Ай жарықта айға арқаңызды беріп тұрып, қолыңызға айна алыңыз. Ай айна бетіне толықтай түсуі керек. Содан кейін «Ай иесі, менін кедейлікті алыстат» деп айтыңыз.  Қалғаны уақыттың еншісі.
 
23-27 қаңтар. Көп дүние осы күндері айқындалуы мүмкін. Бұл күндері ешқандай қарыз алмаңыз. Олар пайда әкелмейді. Тек жақын адамдарыңызға ғана қаржылай көмек көрсетіңіз.
 
28-қаңтар. Қытайдың Жаңа жылы келмек. Жердегі белгісі – от. От белгісіне сай келетін жылдар беймаза болмақ.
 
29-31 қаңтар. Бұлыңғыр дүниелердің барлығы айқындала түспек. Тек бәрін объективті саралай білу қажет.  
 
Қаңтардың үшінші он күні мен ақпан айының алғашқы екі ондығында қалайы мен күміс мол болмақ. Сол себепті күміс әшекейлерді тағып жүрген абзал. Қалайы дау-жанжалдың алдын алуға септессе, күміс аурудың алдын алады.
 
1-ақпанның маңызы зор. Бұл күні сіздің жыл бойына жоспарлаған мақсатыңыз айқын болуы керек. Үйді тазалап, өз-өзіңізге есеп берген абзал.
 
Дереккөз: http://www.centre-magic.ru
 
Все новости