|    |  
23 қаңтар 2020
15:56
Қаңтар айында зодиак белгілерін не күтіп тұр?
13 қаңтар 2020, 12:12 274

 
Тоқты
Жаңа жыл басталған бойда тоқтылар үлкен мақсаттар қояды. Бірақ бәрі жеңіл болмайды. Басшылықпен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Және ол сіздің пайдаңызға шешілмейді. Ай соңында сыйақыдан айырылуыңыз мүмкін. Жаңа жұмыс іздеуге тура келуі де ықтимал.
 
Торпақ
Жыл басы торпақтар үшін белсенді болады. Саяхатқа шығуыңыз, жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін. Бірақ айдың ортасында жұмысқа бел шешіп кірісуге тура келеді. Жұмысыңызға тексеріс келуі мүмкін. Отбасыңызға қатысты маңызды шешімдер қабылдайсыз. Отбасын құру туралы ұсыныс алуыңыз ықтимал.
 
Егіздер
Тағдырыңызға әсер ететін танысулар болуы мүмкін. Жалғыз жүргендер теңін табуы ықтимал. Ал отбасылы егіздердің өмірінде түсініспеушіліктер туындайды.

Шаян
Шаяндар үшін жыл басы сәтсіз басталады. Жұбымен жандалдасуы мүмкін. Ажырасып кетуіңіз де ықтимал.
 
Арыстан
Жыл басында арыстандардың көңіл күйі жақсы болады. Өміріңізге өзгерту енгізгіңіз келеді. Жан дүниеңізде рухани үйлесім орнайды. Жиналып қалған мәселелерді шешуіңіз қажет.
 
Бикеш
2020 жылы бикештер баршаға өздерін дәлелдеуге тырысады. Үйде де, жұмыста да белсенді болады. Қаңтар айында олар бар қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсете алады.
 
Таразы
Таразылар үшін қаңтар айы тұрақсыз, мазасыз болады. Бұл айда оларға белсенді қимылдау қажет. Жоспарлар құрыңыз. Өзіңіз жауапты адамдарды ұмытпаңыз. Оларға сіздің қолдауыңыз қажет.
 
Сарышаян
Қаңтар айында сарышаяндар тек ақпаратты қабылдайды. Оларға бұрын беймәлім болған құпиялар ашылуы мүмкін. Мансапта өрлеуіңіз мүмкін. Бірақ туындаған түсініспеушіліктерді жанжалға жеткізбей, дер кезінде шеше біліңіз.
 
Мерген
Бұл жылы мергендерге өмірін өзгертуге барлық мүмкіндіктер бар. Табысты бола түседі. Бірақ ол үшін бұрынғы ойын-сауықтан бас тартып, жұмысқа ден қою керек. Қаңтар айында қаржылық қиындықтар болуы мүмкін.
 
Тауешкі
Жыл басы тауешкілер үшін жайсыз болмақ. Жұмыстағы жаңалықтар өте қарқынды болуы мүмкін. Ал асықпайтын тауешкілер оған ілеспей қалуы ықтимал.
 
Суқұйғыш
Жыл басы суқұйғыштар үшін белсенді болады. Табысқа кенеледі. Қарым-қатынастағы үйлесімге мән беру керек. Сүйіктіңізге қосылуыңыз да, ажырасуыңыз да мүмкін.
 
Балықтар
Жыл басында балықтардың сексуалдық белсенділігі оянады. Есіңіз кетіп, ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Сол себепті жарыңыздың көзіне шөп салудан аулақ болыңыз.
 
Дереккөз: Клубер
Все новости